2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Зеленский: Менің әжем Алматыда тұрған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский әжесі Алматыда қаласында тұрғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vrk.news басылымына cілтеме жасап.

Владимир Зеленский: Фото Президент кеңсесі

Владимир Зеленский: Фото Президент кеңсесі

Басылым мәліметінше, Зеленский 18 қаңтар күні Израильге сапары қарсаңында сұқбат берген.

"Мен Израильде бірнеше мәрте болдым. Онда менің туыстарым бар. Олар анамның әпкесі мен оның жақындары. Туыстар Израильге қоныс аударған. Олардың кейбіреулері шамамен 10-15 жыл бұрын осы елге келді. Мүмкін одан да бұрын, 90 жылдардың аяғында келуі мүмкін", - деді ол.

Украина президенті ұлты еврей әжесі Қазақстанда тұрғанын да айта кетті.

"Менің әжем фашистер басып алған Украинаның оңтүстігіндегі Кривой Рогт елді мекенінде тұрды. Олар тірі қалған еврейлердің барлығын өлтірді. Алайда жаулап алғанға дейін көптеген еврейлер Алматыға эвакуацияланған. Әжем сол жерде оқыды. Ол мұғалім. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мен өмірге келген Украинаға қайтып келді", - дейді Зеленский.

Ол әкесі жағынан атасы және оның үш ағасы Қызыл әскермен бірге Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқанын, майданнан атасының ғана тірі оралғанын айтып берді.

Айта кетейік, Израильдегі форумда Зеленскийге сөз сөйлеуге рұқсат берілмегенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Зеленский: Менің әжем Алматыда тұрған