RU

Нұрфин рейтингі: Микронесиені қай ұйымнан алған тиімді

Бүгінгі таңда Қазақстанда шағын несиелер ұсынатын ондаған микроқаржы ұйымдары қызмет етеді. Олардың көбісі клиенттермен қашықтықтан онлайн режимде немесе терминалдар арқылы жұмыс істейді. Нұрфин редакциясының журналистері елімізде қызмет ететін жеті микроқаржы ұйымының шарттарымен танысып шықты.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Ұсынылған микроқаржы ұйымдарының қарыз беру шарттары туралы ақпараттар олардың ресми интернет-ресурстарынан алынды.

KMF

Бұл микроқаржы ұйымы жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге және фермерлерге арналған бірнеше несие түрлерін ұсынады. Біз жеке тұлғаларға арналған "Стандартты" несие жөнінде толығырақ мәлімет беруді жөн көрдік. Оның шарттары бойынша, МҚҰ кепілдік ұсынған клиенттерге 10 000 000 теңгеге дейін қарыз беруге дайын. Қаржы ұйымының қызметіне кезекті рет жүгінген клиенттерге 2 000 000 теңгеге дейін, ал жаңа клиенттерге 1 000 000 теңгеге дейін кепілсіз қарыз бере алады. Несиелендірудің ең ұзақ мерзімі – 5 жыл.

Пайыздық мөлшерлеме туралы ақпарат таба алмадық. Сол себепті қарыз алуға өтінім беріп, минималды сома мен несиелендірудің ең аз мерзімін таңдап көрдік: 20 000 теңге 2 айға. Нәтижесінде артық төлем 1 132 теңге немесе жылдық 34% құрады.

Содан соң ең жоғары сома мен ең ұзақ мерзімді таңдап көрдік: 2 000 000 теңге 5 жылға. Артық төлем 3 055 180 теңге немесе жылдық 30,6% құрады. Енді орташа пайыздық мөлшерлемені есептеп көрейік – жылдық 32,3%. Кепілдікпен рәсімделетін 2-ден 10 миллион теңгеге дейінгі сомаға несие алғанда да пайыздық мөлшерлеме осындай болып шықты.

Kaz Credit Line

Бұл микроқаржы ұйымынан 3 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге 150 мыңнан 1 500 000 теңгеге дейін қарыз алуға болады. 26 жасқа толмаған адамдарға және зейнеткерлерге шектеу қойылған – 300 000 теңгеге дейін. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 21%-дан 45%-ға дейін. Сонда орташа пайыздық мөлшерлемесі 33% құрайды.

Mogo

Бұл МҚҰ автонесиелендіру немесе автокөлікті кепілдікке қойып несие алуды ұсынады. Несиелендірудің ең жоғары сомасы – 7 000 000 теңге 7 жыл мерзімге дейін. Бұл жерде де пайыздық мөлшерлеме көрсетілмеген, сондықтан да оны өтінім беру арқылы біліп көрдік.

Егер бұл ұйымнан автокөлікті кепілдікке қойып, 3 ай мерзімге 400 000 теңге (несиелендірудің ең аз сомасы мен мерзімі) алсаңыз, жылдық пайыздық мөлшерлемесі 40,6% құрайды. Ал егер ең жоғары соманы ең ұзақ мерзімге алсаңыз, жылдық 30,2% болады. Орташа пайыздық мөлшерлемесі жылына – 35,4%. Автонесиелендірудің де пайыздық мөлшерлемесі осындай.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Solva

Бұл ұйымнан онлайн түрде 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге 200 000-нан 2 000 000 теңгеге дейін тұтынушылық несие алуға болады. Пайыздық мөлшерлемесі жылына – 19,9%-дан 56%-ға дейін. Орташа мөлшерлеме 37,95% құрайды.

Tengo

Бұл микроқаржы ұйымы да қысқа уақытқа кепілсіз несие береді. Атап айтқанда, бұл ұйымнан 1 ай мерзімге 300 000 теңге алуға болады. Пайыздық мөлшерлемесі – күніне 0,19% немесе жылына 69,35%. Несиелендірудің ең ұзақ мерзімі – 1 ай үшін 5,7% қосылады.

MoneyMan

Бұл ұйым шағын несиені тек онлайн режимінде ұсынады. Ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 1 ай мерзімге 200 000 теңгеге дейін алуға болады. Пайыздық мөлшерлемесі – күніне 0,19% немесе жылына 69,35%.

Zing

Бұл ең аз сома ұсынатын микроқаржы ұйымы – 75 000 теңге. Ең ұзақ мерзімі – 20 күн. Бұның да пайыздық мөлшерлемесі – күніне 0,19% немесе жылына 69,35%. 20 күн ішінде 3,8% қосылады.

Біз барлық мәліметтерді бір рейтингке топтастырдық. Салыстыру кезінде пайыздық мөлшерлемені басшылыққа алдық. Ал бұл көрсеткіш бойынша бірдей ұйымдардың ішінен несиеге неғұрлым көп сома беретіндерді алдыңғы орынға қойдық.

Нұрфин рейтингі
Нұрфин рейтингі: Facebook

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836968-nrfin-rejtingi-mikronesieni-kaj-jymnan-algan-tiimdi.html