RU

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі клиенттен түсіп қалған әмиянмен айыппұлдарын жапқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі клиенттің тастап кеткен әмияннын пайдаланып, айыппұлдарын төлеген. Бұл туралы астаналық полиция департаменті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Агенттіктің мәліметінше, елордада көпбалалы ана баласының оқуының ақшасын төлеуге асығып, такси шақырған. Алайда, баратын жеріне жеткен соң әмиянын түсіріп алғанын байқаған. Оның ішінде жеке құжаттары, ақша мен банк карталары болыпты.

"Әмиянымда екі банк картасы болды. Ақшаны баламның оқуына жинағанбыз. Бұдан бөлек, әмиянда 70 мың теңге көлемінде колма-қол ақша жатқан", – дейді Қарлығаш Байтүленова.

Ол әмиянның жоғалғанын байқап, бірден Есіл аудандық полиция басқармасының №18 бөлімшесіне хабарласқан. Полиция қызметкері бейнебақылау камералары арқылы көліктің нөмірі мен жүргізушіні анықтады. Оның әмиянды тапқаннан кейін не істегенін де көрді.

Белгілі болғандай, бір тапсырыспен оңай олжаға кенелген такси жүргізушісі бірден айыппұлдарын төлеуге барған. Төлеп болған соң, әмиянды лақтырып тастаған. Тәртіп сақшылары әмиянды таба алмады. Бірақ, сол жерден ары-бері өткен адамдардың әмиянды тауып, азық-түлік дүкендерінің біріне тастап кеткенін анықтады.

"Мен учаскелік инспектор, полиция майоры Бақдәулет Саховқа ерекше алғыс айтайын деп едім. Ол менің жағдайымды бірден түсініп, қысқа уақыттың ішінде көлік жүргізушісін тауып алды. Оның кім екенін анықтады және менің заттарымды қайтарып берді", – дейді көпбалалы ана.

Еске сала кетейік, бұған дейін украиналық такси жүргізушісінің жол ақысын төлей алмаған жолаушыны жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлегенін жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі клиенттен түсіп қалған әмиянмен айыппұлдарын жапқан
Mailfire view pixel