RU
"Трактор жіберіңіз": Белуардан қар кешіп, әкімдікке мұңын шаққан ақын желіде жұлдыз болды

"Трактор жіберіңіз": Белуардан қар кешіп, әкімдікке мұңын шаққан ақын желіде жұлдыз болды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде домбыра тартқан жас жігіттің әкімдіктен қар тазалау үшін трактор сұраған сәті тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видео instagram-дағы eto_astana_detka тобында жарық көрді.

Кадрдан Фархад есімді ер азаматтың белден келетін қардың ортасында тұрып, әкімдіктен жолды тазарту үшін трактор сұрағанын тыңдауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары мәселені әзіл арқылы жеткізген "айтыскерге" түрлін пікір жазды.

"Кретивті жігіт", "Шындықты әдемі өлең шумақтарымен жеткізгенің үшін үлкен рақмет", "Тапқыр екенсің, Фархат", "Күлкіге қарық болдым", "Елдің сөзін сөйлейтін азаматтар аман болғай" деді олар.

Арасында техниканы уақытылы жеткізбегені үшін әкімдік қызметкерлері мен ақын жігіттің өзін де сынағандар да табылды.

"Техниканы алдын-ала дайындап қойса, қайтеді", "Трактор келгенше, домбыраны қоя тұр да, күректі қолға ал, бір пайдалы жұмыс атқар енді", "Бәлкім, домбырмен емес, күрекпен жұмы істеген дұрыс шығар" деп жазды желі оқырмандары.

Еске сала кетсек, Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы таулы аймағында жаңа жылда алғаш рет қар жауды. Жергілікті және шетелдік туристер қар ерімей тұрғанда, шанамен сырғанап, демалу үшін теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте орналасқан дәл осы Джабаль-эль-Лауз баурайына барды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel