RU
Бауыржан Исламхан "Зенит" сапында алғашқы голын соқты (видео)

Бауыржан Исламхан "Зенит" сапында алғашқы голын соқты (видео)

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Санкт-Петербургтың "Зенит" командасы сапында оқу-жаттығу жиындары кезінде алғашқы голын соқты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: instagram.com/kzsports

Кадрлар: instagram.com/kzsports

Қазіргі уақытта оның ресейлік клубтың қаралымында жүргенін айта кету керек. Қазақстандық футболшы осы қаралым кезінде өзін жақсы қырынан таныта білсе, Ресей чемпионымен келісім шартқа отыруы әбден мүмкін.

Бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ ол "Р-Спортқа" берген сұхбатында Бауыржан Исламханды клубқа шақырмас бұрын, оның бұрынғы командаласы ресейлік Андрей Аршавинмен кеңескенін атап өтті.

Медведевтің сөзіне қарағанда, қазақстандық мамандар Исламханды елдің үздік футболшысы деп атаған.

"Бауыржан Исламханның "Зенит" ойыншысы болатын-болмайтыны оның қаралымда өзін қалай көрсететініне байланысты. Ол Қазақстанның соңғы жылдардағы үздік ойыншысы, ұлттық құраманың капитаны. Мен Қазақстандағы мамандармен сөйлестім, олардың пікірінше, Исламхан қазіргі футболшылардың ең үздігі. Әрине, оның кандидатурасы жайында Андрей Аршавинмен кеңестік", – деді Медведев.

Айта кетейік, бұған дейін футболшының ресейлік "Зенит" сапында алғашқы жаттығуын өткізгенін жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel