Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 24 жастағы жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті

Опубликовано:

Петропавлда 24 жастағы жас жігіт бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

чччччч
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Әлеуметтік желілерде жігіттің терезеден секіргеннен кейін түсірілген видеосы таралуда.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға Жуков көшесі 5А үйінде болғанын растады. Терезеден осы үйдің тұрғыны секіріп кеткен.

«Жедел жәрдем көлігімен жігітті үшінші қалалық аурухананың реанимация бөлімшесіне жеткізген. Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деп атап өтті ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, омыртқасынан жарақат алған азамат облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Жігіт бел омыртқасынан ауыр жарақат алған. Ертең ота жасайды. Алда 5-6 сағатқа созылатын күрделі ота күтіп тұр», - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836996-petropavlda-24-zastagy-zigit-besinsi-kabattan-sekirip-ketti/

pixel