Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар әкімдігі қаланың атауын өзгертуге қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Павлодар атауын өзгерту туралы ұсынысқа қала әкімдігі жауап берді. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, халық санағы жүргізілгенге дейін бұл мәселе қарастырылмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Павлодар әкімдігі қаланың атауын өзгертуге қатысты мәлімдеме жасады
Павлодар. Фото: sputniknews.kz: Instagram
"2020 жылы ұлттық халық санағы жүргізіледі. Оны уақытылы және сапалы өткізу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін ономастикалық мәселелер, соның ішінде облыс орталықтарының атауын өзгерту мәселесі қарастырылмайды", - деп түсіндірді Павлодар әкімдігі.

Айта кетерлігі, Қазақстанның ұлттық халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Jebe қоғамдық ұйымының өкілі Жұмабек Сманов Павлодардың атауын Ертіс деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын.

2019 жылы "Ақ Жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазбек Иса Павлодарды Кенесара хан, Петропавлды Абылай хан деп атауды ұсынды.

Сонымен қатар, әр жылдары Павлодарға Кереку, Нұрқала, Нұркент деген сынды атау беру ұсынылған.

Тарихы Ертіс өзенінде Коряковский бекінісі салынған 1720 жылдан басталатын Павлодар қаласына қазіргі атауы 1861 жылдың сәуірінде берілді.  

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837006-pavlodar-kimdigi-kalany-atauyn-zgertuge-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel