RU
Оралда достарымен суға түсуге кеткен тұрғынның денесі өзен жағасынан табылды

Оралда достарымен суға түсуге кеткен тұрғынның денесі өзен жағасынан табылды

Рассказать Вконтакте

Оралда Жайық өзені жағасынан осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

рррррр

Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол бұған дейін жоғалғаны хабарланған Алмаз Атиханов болып шықты.

Жедел іздестіру шаралары барысында марқұмның мүрдесі 21 қаңтар күні Жайық өзені жағасында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ маңынан табылды.

Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Қазіргі кезде өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Марқұмның туыстарының сөзіне қарағанда, 30 жастағы Алмаз Атиханов 19 қаңтар күні кешкісін достарымен ойыққа суға түсемін деп кеткен. Марқұмның соңында әйелі, үш баласы қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жолда тұрып қалған көлік иелеріне көмектескен 26 жастағы Әсет Мажитов есімді павлодарлық жігітті көлік қағып, мерт болғаны туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel