RU

Қар құрсауында қалғандарға көмектескен қарағандылық жігіт жолда мерт болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада өткен хоккей матчынан қайтып келе жатқанда жолда тұрып қалған көлік иелеріне көмектескен 26 жастағы Әсет Мажитовтың өмірі қыршыннан қиылды. Оны жолдағы өзге бір көлік қағып өлтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рррррр

Әсет Мажитов. Фото: жеке мұрағатынан

16 қаңтардан 17-сіне қараған түні "Барыс" хоккей клубының жанкүйерімен болған қайғылы жағдай туралы оның досы айтып берді.

"16 қаңтарда болған матчтан кейін Әсет бірден түнде Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға шықты. Орта жолда ақ түтек боранға тап болған ол Осакаровка мен Ошағанды ауылының арасындағы жол бөлігінде қар құрсауында қалған көліктерді көрген.
Әсет бір минут та қарап тұрмай, қиын жағдайға ұшыраған жолаушыларға көмекке ұмтылады. Ол екі бірдей автокөлікті қарлы бораннан шығарып үлгеріп, өз көлігіне бара жатқанда оны қатты жылдамдықпен жүйіткіген «Toyota Camry» қағып кеткен", - деп баяндады Әсеттің досы.

Көлік соққысынан ауыр жарақат алып, көз жұмған Әсеттің артында келіншегі жесір қалды.

Марқұмның достары мен туыстары жас жігіттің өмірін қиған жол-көлік апатына қатысты іс егжей-тегжейлі тергеледі деп үміттенеді.

Жолдастары Әсет Мажитовтың «Барыс» хоккей клубының адал жанкүйері болғанын алға тартты. Ол бір де бір матчты жібермеуге тырысқан.

«Әсет ойын кезінде өзін экраннан көрсетсе деп армандайтын. Бірақ ол мүмкін болмады...
«Барыс» хоккей клубының әкімшілігінен олардың жанкүйері Мажитов Әсет Нұрланұлын еске алып, келесі ойынды бір минуттық үнсіздіктен бастаса деп сұраймыз. Ең өкініштісі, біздің бар қолымыздан келетіні осы ғана...», - деп ағынан жарылды Әсеттің досы.

Өз кезегінде «Барыс» клубы жанкүйерінің қазасын ауыр қабылдағанын жеткізді.

«Хоккей клубы Әсет Нұрланұлының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады», - деп мәлімдеді клуб әкімшілігі.

Осакаров ауданының полициясы тас жолда 1993 жылы туған ер адамды көлік қағып кеткенін растады. Рөлде болған 1995 жылғы жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Көлік жүргізген такси жүргізушісі елорда тұрғыны екені белгілі болды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек толығырақ ақпарат беруге дайын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қар құрсауында қалғандарға көмектескен қарағандылық жігіт жолда мерт болды
Mailfire view pixel