RU
БАҚ: Шымкентте интимді қызмет көрсететін жігіттер көбейген

БАҚ: Шымкентте интимді қызмет көрсететін жігіттер көбейген

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жеңіл жүрісті қыздарды қойып, ақшасын төлесе болды жыныстық қызмет көрсететін ер адамдар көбейген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның жазуынша, бірнеше жыл бұрын сексуалды қызмет көрсетіп, ақша табатын ер адамдар туралы ара-тұра айтылса, бұл күндері жағдай түбегейлі өзгерген. Жеңіл жүріске салынған қыздарға қарағанда жезөкше жігіттердің сутенерлері жоқ. Олар жеке, дербес жұмыс істейді екен.

Көбінесе олар қызметтерін өздері ұсынады. Яғни арнайы сайтқа тіркеліп, беттерін жауып денесінің фотосын жариялайды.

Осы ретте медицина мамандары дабыл қағып отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шымкентте жыныстық жолмен жұғатын аурулар, соның ішінде ЖИТС дерті (СПИД) кең тарауда.

Ал психологтардың айтуынша, өзіне сенімді емес немесе психикалық ауытқуы бар әйелдер, соның ішінде еркектерді басқаруды ұнататын ханымдар қызметтің мұндай түрін жиі пайдаланады екен.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда 25 жастағы ару өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға салмақ болғанын айтып, шағымданған еді.

Кейін зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп арызданған бойжеткен қатысты қалалық полиция жаңа дерек айтты.

Белгілі болғандай оңбай таяқ жеген арудың өзі жеңіл жүріспен ақша тапқанын тергеушілерге жайып салған.

Ал күдікті қыздар мен жәбірленуші арасындағы дау ақшадан туындаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel