Выйти
RU

Стилін өзгертіп, жасарып кеткен Нұрғали Нүсіпжановты ел танымай қалды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Былтыр 82 жасында үйленіп, желіні шулатқан отандық танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы көпшілік өнер иесінің стилі мен шаш үлгісін өзгергенін аңғарып, кейбірі танымай қалған. Желі қолданушылары әншіге отбасылы болған жағып жатыр деген пікірде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/
sadvakasovamadina.© Sputnik / Айгерім Таубай. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/ sadvakasovamadina.© Sputnik / Айгерім Таубай. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әнші Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде Нұрғали Нүсіпжановпен түскен суретін жариялап, өнердегі ағасының стилінде айтарлықтай өзгеріс орын алғанын айтты.

"Нұрғали ағамызбен концертте кездесіп, ол кісінің өзгерген стилін, жаңарған шаш үлгісін, ерекше киімін көріп " Нұрғали аға, жарайсыз" - дегім келеді! Шығармашылықтың адамы осылай өзгеріп тұру керек! Өте жарасымды" , - деп өз пікірін білдіре кетті әнші.

Аталмыш суреттен Нұрғали Нүсіпжановтың үстіне күрең барқыт костюм кигенін және заманауи үлгідегі шаш үлгісін қойғанын аңғаруға болады.

Бұл суретте көрген желідегілер әншінің өзгерісін қызу талқылап, оның одан әрі жасаруына үйленгені септігін тигізді деп топшылауда.

"Костюмі аса ерекше екен" , "Жас келіншегі құлпыртып жіберіпті" , "Мүсін деп ойлап қалдым" , "Бұрынғы шашы мен образына әбден үйреніп қалыппыз. Бірақ, мына өзгерісі керемет. Үйленген жағып жатқан сияқты" , - деп жазуда олар.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов өткен жылы 82 жасында екінші рет үйленді. Белгілі әншінің таңдауы өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке түскен.

Өнер иесінің үйлену тойы желіде аса қызу талқыланған еді. Бұл жаңалықты естіген өнердегі әріптестері Нұрғали Нүсіпжановты жарыса құттықтаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Стилін өзгертіп, жасарып кеткен Нұрғали Нүсіпжановты ел танымай қалды (фото)