Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қыздай көрінетін 63 жастағы Тайвань актрисасы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Тайваньда өз қатарластарынан әлдеқайда жас көрінетін 63 жастағы актриса әрі әнші Чен Мэйфен тұрады. Өнер иесінің сөзінше, осы уақытқа дейін жас көрінуінің, қартаймауының, тартымдылығының сыры жақсы көңіл күйде екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen
Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen: Facebook

63 жастағы Чен Мэйфенге күніне бірнеше адам сырт-келбетіне байланысты мақтау сөздер айтады. Мэйфен 1975 жылы, 19 жасында сұлулық байқауының жеңімпазы атанған.

Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen
Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen: Facebook

Мэйфеннің айтуынша, ол күнделікті таңертеңгі асқа зімбір қосылған сорпа ішеді. Актрисаның сөзінше, дәл осының арқасында оның терісі жас қалпын сақтайды.

Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen
Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen: Instagram

Чен Мэйфен фитнестің фанаты емес. Дегенмен ол аптасына бір-екі рет денесіне күш салатын жаттығулармен айналысады.

Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen
Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen: Twitter

Актриса күн сайын биік өкшелі аяқ киіммен жүреді. Оның буындарға тигізетін зиянын азайту үшін, кешке ол бүкіл дененің салмағын беліне жіберуге мүмкіндік беретін арнайы көлбеу сүйенішке тұрады.

Осыдан соң Мэйфен қолымен аяқтарын, тамырларын ұрғылайды. Осылайша актриса денесіндегі энергияның қозғалатынына сенімді.

Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen
Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen: Facebook

Чен жылы сөздері үшін жанкүйерлері мен оқырмандарына алғыс айтуды да ұмытпайды. Сондай-ақ ол қартаймаудың ең тиімді жолы - күнделікті жақсы көңіл күйде болу керектігін айтып отырады.

Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen
Чен Мэйфен. Фото: facebook.com/immeifen: Facebook

Айта кетсек, бұған дейін ұлтаралық некеден туған арулардың сұлулығы жайлы жазған едік. Олардың сырт келбетінің өзіндік ерекшелігі бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837043-zas-kyzdaj-krinetin-63-zastagy-tajvan-aktrisasy-zajly-ne-bilemiz/

pixel