Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Болат Бақауовты қызметінен босатты

Опубликовано:

Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Болат Бақауовты қызметінен босатты
Фото: instagram.com/bbakauov: UGC

Бұған дейін хабарланғанымыздай Бақауовтың орнына облыс әкімі болып Әбілқайыр Сқақов тағайындалды.

Бүгін, 21 қаңтар күні Павлодар облысының жаңа басшысын әріптестеріне премьер-министр Асқар Мамин таныстырды. Бұған дейін Сқақов ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің басқарған.

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін өңір әкімі болған Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеген еді.

Ал 17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция бергені белгілі болды.

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

Ал Павлодар тұрғындары облыстың бұрынғы әкіміне болысып, желіде #ББеңүздікәкім хештегімен жазбалар жариялай бастады.

Желі қолданушыларының бірі әкімнің суретімен бөлісіп қана қойса, енді бірі сурет астына оның жетістіктері мен облысты басқарған кездегі жұмыстарын тізіп жазған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837051-tokaev-bolat-bakauovty-kyzmetinen-bosatty/

pixel