Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан аукционда Димаш Құдайбергеннің портретін сатып алды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан елордада өткен арнайы аукционда әлемді ғажайып даусымен таңғалдырып жүрген әнші Димаш Құдайбергеннің портретін сатып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Динара Сәтжан қазақстандық блогерлер альянсы президенті Ғалым Бәйтүктің ұйымдастыруымен өткен "Халық қалаулысы" атты тәуелсіз сыйлықты табыстау кешіне қатысқан.

Ал дәстүр бойынша марапаттау рәсімінен кейін аукционға өтеді. Оған тоғыз жыл бойы үзбей қатысып келе жатқан тележүргізуші биыл әнші Димаш Құдайберген мен мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың портреттерін сатып алған.

"Ғалым Бәйтүк өзінің "Халық қалаулысы" сыйлығын табыстауды өздігінен ұйымдастырып келеді. Бұл расымен тәуелсіз сыйлық болып табылады. Дәстүр бойынша марапаттау бөлімінен кейін аукцион болады.
Осы тоғыз жылда мен 10 ерекше затқа ие болдым. Биыл болса өз топтамамды Димаш Құдайберген мен Нұржан Әлтаевтың портреттерімен толықтырдым. Келер жылы өз аукционымды ұйымдастырамын" , - деп жазды тележүргіузші Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан белгілі дизайнер Джимми Чуге қазақ шапанын сыйға тартқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837057-dinara-stzan-aukcionda-dimas-kdajbergenni-portretin-satyp-aldy-foto/

pixel