RU
Желіде Нұр-Сұлтанда аудан әкімі ұсталды деген хабарлама тарады

Желіде Нұр-Сұлтанда аудан әкімі ұсталды деген хабарлама тарады

Рассказать Вконтакте

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы аудан әкімдерінің бірі ұсталды деген хабарлама тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асқар Есілов. Фото: astana.gov.kz

Асқар Есілов. Фото: astana.gov.kz

Таралып жатқан хабарламада елордадағы Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтің ұсталғаны айтылған. Ұлттық бюроның баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта аталған хабарламаны растайтын ешқандай дәйек жоқ.

"Таралып жатқан хабарламаға қатысты ақпарат болса, міндетті түрде хабарлаймыз. Өзіміз де күтіп отырмыз. Біз өз деңгейімізден жоғары басшылықты асықтырып, сұраудамыз, бірақ олар әлі ештеңе айта алмайды, яғни біз әлі жоққа шығара да, растай да алмаймыз", - деп хабардар етті Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Ал әкімдіктің баспасөз қызметі қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

"Біз пікір білдірмейміз", - деді астаналық әкімдіктің баспасөз хатшысы Серік Әділбаев.

Сондай-ақ ол аудандық әкімдіктің штатты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін өңір әкімі болған Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеген еді.

Ал 17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция бергені белгілі болды.

Сондай-ақ, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Болат Боқауовты қызметінен босатқаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel