Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болды

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мұрат Әйтенов. Фото: otyrar.kz
Мұрат Әйтенов. Фото: otyrar.kz: UGC
"Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын" - делінген президент жарлығында.

Мұрат Әйтенов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысында) өмірге келген. "Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы және заңтану" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

  • 2006-2008 жылдары ҚР Президенті Іс Басқармасы "Астана-Өнім" АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі;
  • 2008-2010 жылдары ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы;
  • 2010-2012 жылдары ҚР ПІБ ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2012-2013 жылдары ҚР ПІБ ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі;
  • 2013-2016 жылдары ҚР ПІБ аппарат басшысы;
  • Ал, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2019 жылдың желтоқсанына дейін ҚР ПІБ басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

2019 жылдың желтоқсанында Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің үшінші мегаполисін Ерлан Айтаханов басқарған. Ол шаһар әкімі болып, 2019 жылдың 30 шілдесінде тағайындалды.

Айтахановқа дейін Шымкентке Ғабидолла Әбдірахымов басшылық еткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837071-mrat-jtenov-symkent-kalasyna-kim-boldy/

pixel