RU
Қытайда екі жыланбалықты тірідей жұтқан ер адам ажал құша жаздады

Қытайда екі жыланбалықты тірідей жұтқан ер адам ажал құша жаздады

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Нанкин қаласының тұрғыны тірі жыланбалықты жеймін деп, денсаулығына қауіп төндірді. Ол бұл әдіс арқылы ежелгі халық наным-сеніміне сәйкес, простатит пен созылмалы іш қатудан емделмекші болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ doctor.rambler.ru сайтына сілтеме жасап.

Екі жыланбалық жеген ер адам о дүниеге аттана жаздады

Фото: pixabay.com

Балықтарды тірідей жұтқан ер адам іші ауырып, дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған. Белгілі болғандай, жыланбалықтардың біреуі тірі болып шыққан. Ол сыртқа шығу үшін ер адамның ішегін кеміруге тырысқан екен.

Дәрігерлер ер азаматтың жолы болғанын айтады.

"Пациенттің асқазанында ақау болған жоқ, алайда ішек өте жіңішке әрі нәзік болғандықтан, жыланбалық сыртқа шығу үшін оны тістеп үлгерген", - деп түсіндірді хирург.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанның Орисса штатында сирек кездесетін дерт түрімен ауыратын он жасар бала жылан атанып кеткен.

Джаганнатаның денесі жылан қабыршағын еске салатын күстенген әрі кебірленген құрғақ терімен жабылған.

Мұның себебі ламелляр ихтозы деп аталатын айықпас дерт. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кішкентай бала сағат сайын шомылып, күніне бірнеше рет терісін ылғалдандырып отырады.

Сондай-ақ, Қытайда бес жыл бойы тек күріш пен маринадталған чили бұрышын жеген студенттің көз жұмғанын хабарлаған едік. Студент қыз ашасын үнемдеймін деп дұрыс тамақтанбаған. Оның салмағы небәрі 22 келі болған.

Өткен жылдың қазан айында студентке жүрек және бүйрек проблемалары диагнозы қойылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel