Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Halyk Bank Қазақстанда тұңғыш рет Samsung Pay-ді іске қосты

Опубликовано:

Halyk Bank пен Samsung Electronics Қазақстанда бірінші Samsung Pay аса танымал төлем сервисінің ашық бета-тестілеуін іске қосты. Бүгіннен бастап, Халық банк клиенттері тауарды смартфон арқылы сатып алып, төлем жүргізудің қарапайымдылығын, қолайлылығы мен қауіпсіздігін бағалай алады. Оны жанасусыз жүзеге асырылатын төлемдер қабылдайтын барлық терминал арқылы тексеріп көруге болады.

Halyk Bank Қазақстанда тұңғыш рет Samsung Pay-ды іске қосты

Ел бойынша тек Halyk Bank клиенттері 21 қаңтардан бастап бірінші болып, Samsung Pay қосымшасын жүктей алады, әрі сілтеме бойынша Halyk Bank-тің Visa немесе MasterCard карталарын қосып, нұқсаулықпен таныса алады. Жаңа сервис 2015 жылғы Galaxy S6 топтамасынан бастап, NFC модулі бар Samsung-тің барлық заманауи смартфондарында бар.

Бұнымен қоса, Halyk Bank бұл сервиске қосымша арнайы бонустық акцияны енгізді. Яғни, Halyk Bank картасымен Samsung Pay төлемін жүргізгені үшін сомадан 10% бонус берілетін болады.

Samsung Pay ресми түрде 2020 жылғы ақпан айының соңында іске қосылады. Ал Galaxy Watch смарт-сағаттары бұл сервисті 2020 жылдың наурыз айынан қолдана бастайды. Алайда, Halyk Bank клиенттері қазірден бастап қажетті тауарды сатып алу үшін төлемдерді смартфон арқылы жүргізе алады.

«Бұл Halyk Bank ұсынып отырған QR-төлемдері мен Apple Pay арқылы төлем жүргізу сервис мүмкіндіктеріне тағы бір маңызды толықтыру болып табылады. Бүгінде Банк ұсынып отырған төлем сервистері бүкіл Қазақстан бойынша дүкендерде, кафелерде, мейрамханаларда, қоғамдық көліктерде және тіпті eGov мемлекеттік қызметтер порталында да кең қолданысқа ие», - деді Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Samsung Pay төлем сервисінің басты артықшылығы ретінде оның абсолюттік қауіпсіздігін айтады. Samsung смартфондары мен смарт-сағаттарының иелері осы сервис арқылы төлем жүргізе отырып, төлем карталарының деректемелерінің қауіпсіздігіне алаңдамаса болады. Бұл үшін аса сенімді үш деңгейлі қорғаныс жауап береді: саусақ бойынша авторизация жасау, әр төлем үшін қажетті токенизация мен Samsung KNOX.

Samsung KNOX-тің енгізілген қауіпсіздік жүйесі банк картасындағы мәліметтердің смартфонда сенімді түрде сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның арқасында карта иесі жайлы ақпарат пен өзге де басқа мәліметтер телефонда немесе корпорация серверлерінде сақталмайды. Бұл өз кезегінде оның жоғары қауіпсізідігін сақтайды.

Samsung Pay-ді қолданып көргіңіз келеді ме? Сілтеме бойынша сайтқа кіріп, қосымшаны жүктеп алыңыз. Қарапайым, сенімді әрі қолайлы сервистің барлық артықшылықтарын қолданып, Samsung Pay төлемдері үшін Halyk Bank-тен 10% бонус алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837080-halyk-bank-kazakstanda-tgys-ret-samsung-pay-dy-iske-kosty/

pixel