Выйти
RU

Оңтүстік Кореяда қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандықтың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың 16 қаңтарында Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында өз пәтерінен Қазақстан азаматшасының денесі табылған.

"Қала полициясынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ол жуынатын бөлмеден асулы күйде табылған", - деп хабардар етті Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашев.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тергеу амалдары мен сот-медицинадық сараптамасы жүргізілуде.

Оңтүстік Кореядағы Қазақстанның елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның жақындарына қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Еске сала кетсек, өткен жылы желтоқсан айында Канадада оқып жүрген қазақстандық сутдент Дамир Құсайынның жол апатынан қаза тапқаны хабарланды.

Полиция жергілікті басылымға отандасымыз бен қытайлық екі азаматты жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткенін мәлім еткен.

Болжам бойынша, жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, рөлге ие бола алмапты. Алдымен ол автобус аялдамасына соғылып, артынша жая жүргіншілерді қаққан.

19 жастағы Дамир Құсайынды жерлеу рәсімі Торонто қаласында өтті.

Онымен қоштасу үшін анасы Гүлжан Бұхарова, достары, жақындары, Centennial College оқу орнындағы курстастары арнайы келген.

Қазақстандық жігіт оқыған білім ордасы Дамирдың үлгілі тәлімгер болғанын жеткізді.

Дамирдің құрметі үшін университетте марқұмның атымен стипендия тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды