Выйти
RU

Шетелдік БАҚ "Ислам мемлекеті" террористік тобының жаңа көшбасшысын атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Ислам мемлекеті" террористік тобының (Қазақстанда тыйым салынған) жаңа көшбасшысының есімі белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Абу Бакр аль-Багдади, Амир аль-Сальби. Фото: twitter.com/dailymirror

Абу Бакр аль-Багдади, Амир аль-Сальби. Фото: twitter.com/dailymirror

Лаңкестік ұйымның жаңа жетекшісінің есімін барлау қызметі өкілдеріне сілтеме жасап, The Guardian басылымы мәлім етті.

Басылымның ақпарынша, жаңа көшбасшы террористік топтың негізін қалаушылардың бірі – Амир Мухаммед Абдул Рахман аль-Мавли аль-Сальби.

Белгілі болғандай, ол қазан айында ұйымның бұрынғы жетекшісі Абу Бакр аль-Багдадидің өлімінен бірнеше сағаттан кейін жаңа көшбасшы болып тағайындалған.

Баспасөз құралының мәліметінше, Амир аль-Сальби сондай-ақ Хаджи Абдулла және Абдулла Кардаш есімдерімен белгілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары болжам бойынша, "Ислам мемлекеті" террористік тобының жетекшісі Абу Бакр аль-Багдадидің көзі жойылған жерден видео жариялаған болатын.

Алдын ала деректерге сәйкес, арнайы операцияға сегіз америкалық тікұшақ жұмылдырылған. Лаңкестің көзін жоюға жарты сағат уақыт кеткен.

Сондай-ақ америкалықтардың қолынан қаза тапқан "Ислам мемлекетінің" көшбасшысы Абу Бакр аль-Багдадидің Сирияның Бариша ауылында қарапайым мата саудагері ретінде жасырынып жүргенін жазғанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетелдік БАҚ "Ислам мемлекеті" террористік тобының жаңа көшбасшысын атады