Выйти
RU

Ресейде жатақхана өртеніп, 10 Өзбекстан азаматы қаза болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Томск облысы Асиновск ауданындағы ағаштан соғылған ғимаратта өрт шықты. Апат салдарынан 11 адам мерт болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға орны. Фото: РФ ТЖМ Томск облысы бойынша бас басқармасы

Оқиға орны. Фото: РФ ТЖМ Томск облысы бойынша бас басқармасы

Жалын екі жүзден астам шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жаумен күресуге 19 адам мен алты техника бірлігі жұмылдырылды.

Өртті ауыздықтаған соң ғимараттың ішінен 11 адамның денесі табылды. Кейінірек белгілі болғандай, тағы екі адам құтқарылған.

Өңірдің шұғыл қызметінің деректері бойынша, өртенген ғимараттың жатақхана екені анықталды. Онда ағаш дайындаумен айналысатын "Гринвуд" ЖШС қызметкерлері тұрған. Олардың барлығы – Өзбекстан азаматтары.

"Гринвуд" ЖШС кәсіпорнының аумағындағы ағаштан салынған ғимарат адам тұруға арналмаған. Алдын ала деректер бойынша, қаза болған 11 адамның оны Өзбекстан және біреуі Ресей азаматы", – деп мәлімдеді өңірдің билік өкілі.

Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, оны Томск облысының губернаторы Сергей Жвачкин басқарды.

Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі таратқан алдын ала деректерге қарағанда, Томск облысындағы өрттен елдің он азаматы қаза болған.

"Алдын ала деректер бойынша, өрт шыққан ғимаратта Өзбекстанның 12 азаматы тұрған. Олардың 10-ы оқиға орнында қаза тапты. Екеуіне медициналық көмек көрсетілген", – делінген Өзбекстан ТЖМ-нің Telegram арнасында.

Еске сала кетейік, 14 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тұрғын үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер үйдің ішінен үш адамның денесін тапқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде жатақхана өртеніп, 10 Өзбекстан азаматы қаза болды