Выйти
RU

Алтай Көлгінов Тоқаевқа есеп берді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Ел басшысына Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есебі беріліп, президенттің елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов мемлекет басшысына қаланы абаттандыру және жылыту маусымы жайында ақпарат берді.

Президент әкімге жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау керектігін атап айтты.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, президенттің шешімімен Павлодар облысының әкімі де ауысты. Осыған дейін өңірді басқарып келген Болат Бақауовтың орнына Әбілқайыр Сқақов келді. 45 жастағы шенеунік Павлодар облысының тумасы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алтай Көлгінов Тоқаевқа есеп берді (фото)