Выйти
RU

Қарағандыда үш жасар баланы аяусыз өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін алқабилер соты үш жасар баланы ұрлап, аяусыз өлтірді деп күдіктелген Сопыжановты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірауыздан шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда үш жасар баланы аяусыз өлтірген қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Фото: Сотталушының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған, Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Исламхан Есенбаев алқабилер сотының сотталушы Игентай Сопыжанов түзеу мекемесінде өмір бойы отыру керек деген шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"Сопыжанов қоғам үшін аса қауіпті. Сол себепті жазаны өтеу режимі төтенше жағдай ретінде таңдалады. Айыптау үкімі негізінде сот: сотталушыны қылмыстық кодекстің 125, 261 және 99-баптары бойынша кінәлі деп танып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы үкім шығарды", - деп үкімді жариялады судья Исламхан Есенбаев.

Кісі қолынан қаза тапқан баланың анасының 10 миллион теңге көлеміндегі талап арызын судья ішінара қанағаттандырды.

"Айыпталушыдан жәбірленуші Васильева Никидің пайдасына бес миллион теңге өндірілсін", - деп мәлімдеді судья.

Судья сотталушыдан үкімді түсінген не түсінбегенін сұраған кезде, Сопыжанов: "Алла атымен ант етейін, шындықты білген кезде, қатты өкінесіздер" деп жауап берді. Алайда оның қандай шындықты меңзегені белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Сопыжанов Ники Васильевананың туған әпкесін өлтіргені үшін колониядан мерзімінен бұрын шыққан еді. Ол түрмедегі екі жыл және бір күн жазасын өтеген емес. Сот оның жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастырды.

Қыркүйек айында Сопыжанов пен Ники Васильева көшеде жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ер адам әйелдің қолындағы үш жасар ұлын тартып алып, қашып кетті.

Қаскөй мен баланы әскерилер, еріктілер мен полиция бірнеше күнге жуық іздестірді.

Полиция Максим Гарифулиннің жансыз денесін 8 қыркүйек күні таңертең анықтады. Қанішер оны аяусыз тұншықтырып, өлтірген.

Сопыжанов қыркүйектің 8-нен 9-на қараған түні вокзалда ұсталды.

Сот залында ол алдымен кеңсе қаламымен, содан кейін тырнағымен өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда үш жасар баланы аяусыз өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталып кетті