Выйти
RU

Ақтөбеде аурухана маңындағы көлік тұрағында 40 жастағы азамат қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде аурухана маңындағы көлік тұрағында 40 жастағы азамат көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сайтқа Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, 15 қаңтарға қараған түні Ақтөбе Медициналық жедел жәрдем ауруханасында тілге келместен алған жарақатынан 40 жастағы азамат қайтыс болған.

Көптеген дене жарақаты бар ер адамды белгісіз біреулер аурухананың көлік тұрағына тастап кеткен.

"Облыстық полиция департаменті адам өлтіру фактісіне сәйкес қылмысты тіркеп, тергеу жұмысын бастады. 18 қаңтар күні аса ауыр қылмыс ашылып, үш күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Оңтүсік Кореяның Ансан қаласында 29 жастағы Қазақстан азаматшасының денесі табылғанын хабарлаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, қалалық полициядан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ол жуынатын бөлмеден асулы күйде табылған.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тергеу амалдары мен сот-медицинадық сараптамасы жүргізілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде аурухана маңындағы көлік тұрағында 40 жастағы азамат қайтыс болды