Выйти
RU

Мәскеуде Мұхтар Әблязовқа қатысты сот процесі басталады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей астанасында 31 қаңтарда Мұхтар Әблязовтың ісіне қатысты сот процесі басталады. Ол іс материалдары бойынша бақыланатын ұйымнан ұрланған 58 миллиард рубль немесе 965 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Аблязов. Фото: Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Мұхтар Аблязов. Фото: Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Алдағы сот процесі туралы хабарлама РАПСИ сайтында пайда болды. Департамент мәлімдемесінде қазіргі уақытта қашып жүрген қазақстандық банкирдің ісі Мәскеудегі Таганский сотында қаралатындығын айтылған.

Сонымен қатар, Әблязов қана емес, оның жақтастары Роман Солодченко, Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Эрешенко және Александр Удовенко да ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Олардың барлығы бұрын БТА Банкінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ, бұл іске қатысқандардың барлығы елден жырақта болғандықтан, сот отырысы сырттай өтетіні хабарланған. Айыпталушыларды Ресейде ғана емес, Қазақстан мен Украинада қылмыстық жауапкершілікке тартқысы келеді.

Ведомство атап өткендей қашқын банкирдің ісі шамамен 400 том болып жиналған.

Ол тек ірі көлемдегі алаяқтығы үшін ғана емес, сонымен бірге мүлікті заңдастырғаны үшін де айыпты болып отыр.

Айта кетсек, Қазақстанда банкир бұған дейін ірі көлемдегі ақша жымқырғаны үшін 20 жылға сотталған, сондай-ақ тапсырыспен жасалған кісі өлімі үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Еске сала кетсек, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс отырысында Бас прокуратура Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпновтың ісіне қатысты материалдарды шетелдік құқық қорғау органдарына жіберетінін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеуде Мұхтар Әблязовқа қатысты сот процесі басталады