RU
Пәкістандық балуан салмағы 100 келіден асатын жар іздеуде

Пәкістандық балуан салмағы 100 келіден асатын жар іздеуде

Рассказать Вконтакте

40 келілік пәкістандық балуан Арбаб Хизер Хайат өзіне жар іздейтінін мәлімдеді. Талап бойынша, нәзік жандының салмағы 100 келіден асуы тиіс. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Wikipedia

Фото: Wikipedia

27 жастағы Хайат соңғы уақытта 200-ден астам қыздың сезімін қабылдамапты. Оған бойжеткендердің арықтығы себеп екен. Балуан әйелі өте нәзік болғанын қаламайды.

"Ата-анам үйленгенімді қалайды. Олар немере сүйгісі келеді, ал мен әлі ө бақытымды таппадым", - дейді ол.

Одан бөлек, пәкістандық азаматқа болашақ жарының бойы да маңызды. Хайаттың өзі 198 сантиметр болғандықтан, сүйіктісінің бойы 193 сантиметрден кем болмаса екен дейді.

Балуанның әйелі тағамды да дәмді даярлауы тиіс. Себебі, пәкістандық күніне 10 мың килокалория тұтынады. Ол тек таңғы астың өзіне 36 жұмыртқа мен бірнеше кесе күріш жейді. Соған қарамастан, Хайаттың денсаулығы еш сыр бермейді.

Пәкістандық ауыр атлетикадан халықаралық жарыстарда бақ сынайды. Ол трактор сүйреген видеосы арқылы танылып, Пәкістандағы ең мықты азамат атанған.

Айта кетейік, бұған дейін бір фитнес орталықта жаттықтырушы болып жұмыс істейтін ақтөбелік ерлі-зайыптылар туралы жазған едік.

17 жыл отасқан жұбайлар көпшіліктің сүйікті жаттықтырушысына айналған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel