RU
"Әжептеуір жеңілдік": Вице-министр кредит туралы заңға енген өзгерістерді түсіндірді

"Әжептеуір жеңілдік": Вице-министр кредит туралы заңға енген өзгерістерді түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ермек Алпысов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында кредит туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. Түзетулер "Банк және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңдарға енгізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынады", - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, бұрын кредитті уақытында төлемеген кезде, өсімпұл әр күн сайын 0,5 процентке өсетін болған. Осы жылдан бастап кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткендерге ешқандай комиссия есептелмейді.

"Бұл несие алатын азаматтар үшін әжептәуір жеңілдік деп ойлаймын", - деді Ермек Алпысов.

Еске сала кетсек, жаңа жылдан бастап кімдерге кредит берілмейтіні де белгілі болды.

Осыған дейін 2020 жылдың қаңтарынан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы, микроқаржылық қызмет пен салық салуды реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң күшіне енді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel