RU
Алматыдағы жаппай жол апаты: Бір мезетте сегіз көлік соқтығысты

Алматыдағы жаппай жол апаты: Бір мезетте сегіз көлік соқтығысты

Рассказать Вконтакте

Алматыда жаппай жол-көлік апаты болып, нәтижесінде 8 автокөлік соқтығысты. Алдын ала нұсқаға сәйкес, оқыс оқиға өзін рөлде жайсыз сезінген жүргізушінің кесірінен болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда сегіз көлік соқтығысып, жаппай жол апаты болды

Фото: Sputnik / Стрингер

Жаппай жол апаты мегаполистің Әуезов ауданында орын алды. Салдарынан шетелдік сегіз көлік соқтығысты. Sputnik Қазақстан хабарлауынша, апат жүргізушілердің бірінің жағдайы нашарлаған себепті болуы мүмкін.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, көліктер Саин-Жандосов көшесінде бір-бірімен соқтығысқан.

Белгілі болғандай, о баста Mercedes GL-Class маркалы көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Toyota маркалы автокөлікке соқтығысқан. Көлік өз кезегінде Lada Largus көлігімен соқтығысқан.

Mercedes жүргізушісі Toyota көлігімен соқтығысқаннан кейін басқаруға келмейтін транспортты тоқтата алмай Volkswagen Golf көлігін қағып кетті. Ол өз кезегінде шетке сырғып өзімен бірге тағы үш көлікті іліп әкетіпті.

Басқа көліктер ЖКО-сы болған аумақты айналып, қиылыстағы жол жүруді жалғастырғаннан кейін көліктердің бірі бөгеттерге төтеп бере алмай, тағы бір жеңіл көлікке ілініп қалды.

Полиция соқтығыс кезінде 2 адам жарақат алғанын хабарлады. Медицина қызметкерлері оларды ауруханаға әкетті.

Ведомтвода аталған фактіге тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау-Көкпекті бағытындағы тас жолында "Лада" мен "Тойота Хайландер" автокөлігі бетпе-бет соғылған. Оқиға орнында төрт адам қаза тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel