RU
Қарағандыда 3 жасар ұлын бұрынғы ғашығы өлтірген келіншектің екінші баласы көз жұмды

Қарағандыда 3 жасар ұлын бұрынғы ғашығы өлтірген келіншектің екінші баласы көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда үш жасар ұлы қайтыс болған Ника Васильеваның екінші баласы көз жұмды. Оның алғашқы перзентін бұрынғы сүйіктісі ұрлап, өлтірген еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ваняға енді 10 ай болған. Ол Ника мен анасының үйінде көз жұмған екен. Балақай анасының бұрынғы сүйіктісі өлтірген бауыры Максимнің қасына жерленіпті.

"Оны ешкім азаптамаған, табиғи өлім. Ол ауыратын. Ешқандай криминал жоқ", -деді 10 айлық Ваня жатқан ауруханада.

Бүлдіршін 2019 жылдың 17 ақпанында дүниеге келген. Оның патологиясы болған, үнемі денесі құрысып қалғандықтан, балақай ауруханада жатқан.

Ал анасы Ника Васильевна үш жасар марқұм ұлы Максим Ғарифуллиннің тәрбиесімен айналысып жүріпті.

Екі баланың әкелері бөлек. Бүлдіршінді емдетіп жүргенде, келіншек ауылдасы Игентай Сопыжановпен көңіл қосады. Ақырында азамат ұрыс барысында үш жасар Максимді ұрлап кетіп, өлтіреді.

"Ваня қайтыс болды. Оны Максимнің жанына көмдік, мүрделері қатар орналасқан. Осыдан кейін өміріміздегі қиын кезең аяқталар деп үміттенемін",- дейді Максимнің әжесі.

Айта кетейік, бүгін алқабилер соты үш жасар баланы ұрлап, аяусыз өлтірді деп күдіктелген Сопыжановты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Сопыжанов Ники Васильевананың туған әпкесін өлтіргені үшін колониядан мерзімінен бұрын шыққан еді. Ол түрмедегі екі жыл және бір күн жазасын өтеген емес. Сот оның жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастырды.

Қыркүйек айында Сопыжанов пен Ники Васильева көшеде жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ер адам әйелдің қолындағы үш жасар ұлын тартып алып, қашып кетті.

Қаскөй мен баланы әскерилер, еріктілер мен полиция бірнеше күнге жуық іздестірді.

Полиция Максим Гарифулиннің жансыз денесін 8 қыркүйек күні таңертең анықтады. Қанішер оны аяусыз тұншықтырып, өлтірген.

Сопыжанов қыркүйектің 8-нен 9-на қараған түні вокзалда ұсталды.

Сот залында ол алдымен кеңсе қаламымен, содан кейін тырнағымен өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel