Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев мерекелік шараларды бастап берді

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ааааа
Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді. 

Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев мерекелік шараларды бастап берді
Фото. Ақорда: UGC
«Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концерт «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті.

Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген.

Ақын шығармаларын КСРО және Қазақстанның халық әртістері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, белгілі мәдениет қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева, Берік Айтжанов, сондай-ақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар орындады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгіновтің мемлекет басшысына есеп бергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837158-abajdy-175-zyldygy-tokaev-pen-nazarbaev-merekelik-saralardy-bastap-berdi/

pixel