2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Армениялық көліктерді Қазақстанға әкелу кезіндегі алаяқтық схемалар анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі армян автокөліктерімен болып жатқан жағдайды тексеру үшін қазақстандық полиция қызметкерлері Арменияға жіберілгенін мәлімдеді – ведомство Қазақстан мен Армения азаматтарының іске асырған алаяқтық схемалары жайында білді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

2020 жылы Армения ЕАЭО елдері ішінде соңғы болып өз автокөліктеріне техникалық регламент енгізгендіктен, осы жылға дейін сол елдің барлық азаматтары еуро-4 санатынан төмен және 2007 жылдан жоғары көліктермен емін-еркін жүре берген.

Ал Қазақстанда бұндай автокөліктерге 2015 жылы тыйым салынған.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, қазақстандықтар екі елдің талаптарындағы кемшіл тұстарды пайдаланып, әртүрлі жолмен Арменияда уақытша тұратын азаматтар сияқты өздеріне армениялық құжаттар жасап алған.

Осы құжаттардың негізінде автокөліктерді Қазақстанға кіргізген – бұл көлікті басқаруға сенімхаттар, сақтандыру полистері мен техникалық құжаттар, тұруға ықтиярхат және тағы басқалары. Бұлар Арменияда тұрақты тұратын деп көрсетілген қазақстандықтарға рәсімделген.

"Әр жағдайды жеке-жеке қарастырамыз. Ол жақта қандай механизм қолданылғанын біліп, анықтау үшін Арменияға әкімшілік полиция комитетінен топ жібердік. Олар армениялық әріптестерімен бірге сол елдің және Қазақстан азаматтарының әрекеттерін тексереді", – деді вице-министр.

Ол сондай-ақ Армениядан автокөлік алу кезінде алаяқтық схемаларға тартылғандарын айтып, органдарға шағымданған азаматтар бар екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында сенімхат арқылы ресейлік нөмірмен автокөлік мініп жүрген азаматтарға не істеу керектігін түсіндірді.

Сондай-ақ халықаралық инвестициялық компанияның сарапшысы Андрей Чеботарев шетелдік автокөліктерді тізгіндеген қазақстандықтардың темір тұлпарын заң талаптарына сәйкес тіркесе, бюджетке шамамен 300 млрд теңге қаржы түсуі мүмкін екенін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Армениялық көліктерді Қазақстанға әкелу кезіндегі алаяқтық схемалар анықталды