Выйти
RU

Қазақстандағы жанармай бекеттерінде бензин қымбаттап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан автожанармай бекеттерінде бензин қымбаттап кетті. Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде отынға арналған акциз ставкаларын өзгеріске ұшыратқан қаулы күшіне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Өткен жылы желтоқсан айының басында Қаржы министрі акциз құны неге артып жатқанын түсіндірген еді. Ол сандарға әсер ететін қос факторды атап өткен.

Енді үкіметтің қаулысына сәйкес, акциз отынның бір тоннасына 24 435 теңгені құрайды. Бұрынырақ аталған сан екі есе кем- 10 500 теңге еді. Билік өкілдері отынның бір литрі Қазақстан автожанармай бекеттерінде шамамен 10 теңгеге өсетінін айтқан болатын.

Жылдың алғашқы күндері бензиннің бағасы сол қалпында тұрса, қазір артып жатқаны байқалады деп жазады Kolesa.kz.

Атап айтсақ, АИ-92 маркалы бензині осыған дейін 145 теңге тұрса, қазір автожанармай бекеттерінің ірі желілері бұл отынның литрі үшін 145 теңгеден 150 теңгеге дейін сұрайды.

АИ-92 литрі Sinooil жанармай бекеттерінде 150 теңге, ал "Газпром" бекеттерінде 148 теңге тұрады. Ал Helios пен Royal Petrol желісінде бұл марканың литрі 149 теңге.

Басылым хабарлауынша, бағалар тек "ҚазМұнайГазда" өзгермеген. Бірақ, бұл тек әзірге ғана.

Айта кетейік, дизельді отынның бағасы өзгерген жоқ. Оның литрі 191-194 теңгеге жіберіледі.

Басылым кішігірім компанияларда отын бағасының күрт өзгергенін мәлімдейді. Кейбір желі қолданушысы АИ-92 литрінің 158 теңге тұратынын айтып, суреттермен бөлісуде.

Айта кетейік, бүгін ІІМ бастығы орынбасары шетелдік көліктерді тіркеуге қатысты пікір білдірді. Марат Қожаевтың айтуынша, полиция шетелдік нөмірі бар көліктерді елден қууды мақсат етпейді. Әзірге олар көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайдан шығу жолдарын қарастырып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Фото: Әлеуметтік желі/ kolesa.kz

Фото: Әлеуметтік желі/ kolesa.kz

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандағы жанармай бекеттерінде бензин қымбаттап кетті