RU

БАҚ Нұр-Сұлтандағы аудан әкімінің қандай күдікке ілінгенін хабарлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің ұсталғаны туралы мәлімет тарап кетті. Ал бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірге ресми ақпарат жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Есілов. Фото: astana.gov.kz

Асқар Есілов. Фото: astana.gov.kz

Тараған ақпаратта Байқоңыр ауданы әкімі Асқар Есіловтің ұсталғаны туралы айтылған. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлттық бюро әлі ресми мәлімет жоқ деп отыр. Елордалық әкімдік бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартыпты.

Осы орайда, "Время" қоғамдық-саяси газетінің журналистері Есіловтің 20 қаңтарда тұтқындалғанын анықтады. Ол жемқорлық үшін, нақты айтқанда төрт млн теңге мен жарты млн теңге тұратын Iphone жаңа моделін алғаны үшін күдікке ілініп отыр.

Басылымға шенеунікті полиция құрықтамағаны да белгілі болды. Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттегілер Есілов қылмыстық заңнаманы жүйелі түрде бұзды деп күдіктеніп, бірнеше ай тексерген екен.

Нәтижесінде миллиондар мен жаңа смартфонды ол өткен жылдың күзінде алған болып шықты. Тергеушілер пара 72 млн теңге соманы құрайтын аумақты абаттандыру бойынша ұтып алған тендерлерден берілген қайтарым деп есептейді.

Басылым мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінде Есілов пен туысының телефон арқылы сөйлескен жазбасы бар. Ол аудан әкімінің кінәсін дәлелдейді. Бұл істе қос азамат та күдікті болып отыр.

Шенеуніктің туысын смартфон сатушысы да таныған дейді "Время".

Кез келген материалды көшіру және басып шығару "Издательство"Время" ЖШС рұқсаты арқылы жүзеге асады

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ Нұр-Сұлтандағы аудан әкімінің қандай күдікке ілінгенін хабарлады
Mailfire view pixel