RU

Жезқазғанда "Қазақмыстың" бас директорына шабуыл жасалды

Telegram logo VKontakte logo

Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның қоластындағы қызметкері - бөлім басшыларының бірі Сабыржан Тембаев пышақ жарақатын алған деп хабарлайды өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Амангелді Минигулов. Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

Амангелді Минигулов. Фото: "Қазақмыс" корпорациясы: Depositphotos

Құзырлы органның мәліметінше, корпорация директоры арқасынан, ал қызметкер кеудесінен жарақат алған.

"21 қаңтарда сағат 18-де "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Кен-байыту кешенінің Бас директоры Мініғұловтың кабинетінде "Кәсіпқорған" кәсіподағының төрағасы Тажбенов арада туындаған жанжал барсында Мініғұловтың арқасына пышақ сұққан. Сонымен қатар жанжалды тоқтатпақ болған корпорация қызметкері Тембаев сол жақ кеуде тұсынан кесілген жарақат алған", - деп хабарлады полция департаменті.

Сонымен қатар, құзырлы орган бас директорға шабуыл жасаған кәсіподақ төрағасының өз-өзіне қол салғанын да мәлім етті.

"Куәгерлердің сөзінше, ол өзіне сол жақ кеуде тұсынан пышақ салып, оқиға орнында қаза болған", - дейді ведомство.

Қазір аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полция бұл істің Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүріп жатқанын хабарламады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жезқазғанда "Қазақмыстың" бас директорына шабуыл жасалды