2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Сабақтан шыққан оқушы қызды үйіне дейін аңдыған күдікті азамат елді дүрліктірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай мектеп оқушысының қыр соңынан қалмай, пәтеріне дейін келген видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр: Instagram/@alma_ata_online

Видеодан кадр: Instagram/@alma_ata_online

Қазақстандықтарды дүрліктірген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі alma_ata_online парақшасында жарияланды.

Кадрдан ер азаматтың қыз баланың соңынан көшеден келгенін, онымен бірге тұрғын үйдің подъездіне кіргенін байқауға болады.

Мектеп оқушысы болса пәтеріне кіруді жөн көрмей, қайтадан сыртқа шығып кеткен.

Ал күдікті болса, лифт жанында кішкене аялдап, көшеге қарай кетті.

Мұны көрген желі оқырмандары күдіктіні тез арада ұстау керектігін жеткізді.

Олар ер адамның арам ойын сезіп, көшеге шығып кеткен қыз баланың ақылдылығын да сөз етті.

РЕН ТВ телеарнасының мәліметінше, бейнежазба бақылау камерасына Мәскеу облысында түсірілген.

Видео қаһарманы - тоғыз жастағы Варвара.

Оның анасы басылымдарға күдіктінің қызын мектептен шыққаннан кейін аңдығанын растады.

Варвара өзін аңдығанын сезгенін жақындарына жеткізген.

Айта кетейік, жергілікті тұрғындар видеоның "батырын" таныды. Болжам бойынша, ол психоневрологиялық диспансерде тіркелген адамдардың тізімінде болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сабақтан шыққан оқушы қызды үйіне дейін аңдыған күдікті азамат елді дүрліктірді