RU
Өткен аптада екі мыңнан астам армениялық көлік өз еліне қайтарылған

Өткен аптада екі мыңнан астам армениялық көлік өз еліне қайтарылған

Рассказать Вконтакте

2019 жылы Қазақстандағы шетелдік көліктердің 90 мыңнан астам жол ережесін бұзғаны анықталды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 27 мыңның шамасында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Өткен аптада екі мыңнан астам армениялық көлік өз еліне қайтарылған

Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, шетелдік көліктерді тізгіндеген Қазақстан азаматтары 1800-ге жуық жол-көлік оқиғасына себеп болыпты.

"132 адам қаза тауып, 500-ден астам азамат жарақат алды", – деді министрдің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, ол қоғамда түрлі пікірталас тудырған Армения және Қырғызстанда тіркелген көліктерге қатысты түсініктеме берді.  

Ресми дерек бойынша, өткен аптаның ішінде 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылған.

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің cөзінше, полиция шетелдік көліктерді елден мақсатты түрде шығаруды жоспарлап отырған жоқ.

Сонымен бірге, мәселені шешудің оңтайлы жолын іздеу үшін Арменияға арнайы топ жіберілгені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында сенімхат арқылы ресейлік нөмірмен автокөлік мініп жүрген азаматтарға не істеу керектігін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel