RU
Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық азаматша асылып өлді

Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық азаматша асылып өлді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық арудың жансыз денесі анықталды. Ол Ансан қаласындағы үйінің жуынатын бөлмесінде асылып қалған. Оның бұл қалада не мақсатпен жүргені әзірге белгісіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыздың өлі денесі табылды

Көрнекі фото: pixabay.com

"Оңтүстік Кореядағы Ансан қаласындағы пәтерінде азаматшамыздың денесі табылды. Қазір сот-тергеу жұмыстары жүргізілуде және сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазақстанның Кореядағы елшілігінің консулдық бөлімі барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Орал деп айтып жатыр, бірақ бізде нақты ресми ақпарат жоқ", - ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашов.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда бүлдіршінді қағып кеткен қазақстандық азамат 2,5 жылға сотталды.

20 жастағы қазақстандық Чханвон қаласында үйіне бара жатқан 7 жастағы баланы көлікпен қағып, бірден Қазақстанға ұшып кеткен еді.

Чанвон Кан Се Бин округінің қылмыстық істер бөлімінің Бас судьясының үкіміне сәйкес, 10 қаңтар күні 21 жастағы азамат А. адам қағып кеткені және лицензиясыз көлік басқарғаны үшін екі жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel