RU
Нұр-Сұлтандағы аудан әкімінің әкесі ұлының ұсталғаны туралы қауесетке пікір білдірді

Нұр-Сұлтандағы аудан әкімінің әкесі ұлының ұсталғаны туралы қауесетке пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Желіде кешеден бері елорданың аудан әкімі Асқар Есіловтың дүйсенбі, 20 қаңтар күні ұсталғаны туралы хабар тарап жатыр. Нұр-Сұлтан әкімдігі қауесетке қатысты пікір білдіруден бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандағы аудан әкімінің әкесі ұлының ұсталғаны туралы қауесетке пікір білдірді

Фото: Астана арнасының сюжетінен кадр, Фото: astana.gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлері Асқар Есіловты құрықтады деп әзірге ресми мәлімет берген жоқ. Елордалық атқарушы орган пікір білдіруден бас тартты.

Сонымен қатар, "Астана" арнасының тілшілері Есіловты іздеп, таппақ болған. Хабарланғандай, ол телефон тұтқасына жауап бермейді.

Атап өту керек, Асқар Есіловтың әкесі Сансызбай бір кездері Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының тізімінде болған.

Қазіргі таңда елордалық қоғамдық кеңестің төрағасы қызметін атқаруда. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің оның ұлына ешқандай кінәрат тақпайтынын айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы аудан әкімдерінің бірі ұсталды деген хабарлама тарағанын жазған едік.

Сонымен қатар, 16 қаңтарда еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін өңір әкімі болған Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеген еді.

Ал 17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция бергені белгілі болды.

Сондай-ақ, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Болат Боқауовты қызметінен босатқаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel