RU
Қазақстандық ескі қала енді ауыл мәртебесін алмақшы

Қазақстандық ескі қала енді ауыл мәртебесін алмақшы

Рассказать Вконтакте

Қарқаралы деп аталатын ескі қала өзінің мәртебесін өзгерту жолдарын қарастыруда. Өйткені олар қаланы ауылға айналдырғысы келеді. Биліктің бұған себептері бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/Хабар24

Видеодан кадр/Хабар24

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы 13 шаһар қала мәртебесінен айырылуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл тізімге он мыңға жуық тұрғыны бар Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласы енген.

Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар бұл шешімге қарсы.

Олар 200 жылдық тарихы бар елді мекеннің қала болып қалғанын қалайды. 

Статистикалық мәліметтерге сенсек, соңғы 8 жылда Қарқаралыда халық саны мың адамға кеміген.

Қазіргі уақытта бұнда 8197 адам тұрады. Ал елді мекеннің қала мәртебесінде қалуы үшін тұрғындар саны 10 мыңнан кем болмауы тиіс.

Жергілікті билік өкілдері егер қала мәртебесін алып тастаса, салық және бюджет заңнамасына әсер етуі және түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттарының өзгеруі мүмкін екенін жасырмайды.

Алайда бұл жағдайда тек экономикалық жағын ғана біржақты қарамай, өңірдің тарихын, әрі халықтың пікірін ескеру керек деп есептейді.  

Әкімдіктегілер әзірге елімізде қалаға ауыл мәртебесін берудің қандай да бір тетігі жоқ екенін, бұл мәселе заң тұрғысынан бекімегенін айтып өтті.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қаңтар айының басында елімізде жаңа қала пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel