RU
52 жастағы Памела Андерсон бесінші мәрте тұрмысқа шықты

52 жастағы Памела Андерсон бесінші мәрте тұрмысқа шықты

Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі Памела Андерсон тағы да қалыңдық атанды. 52 жастағы танымал модель осымен бесінші мәрте тұрмысқа шығып жатыр. Ерлер қауымын естен таңдырып келе жатқан арудың жүрегін 74 жастағы кинопродюсер Джон Питерс жаулап алған. Қос ғашық 20 қаңтар күні құпия кеш ұйымдастырып, некесін қидырған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұған дейін төрт рет тұрмыста болған Памела Андерсон өз өмірлік жолында түрлі ауыр кезеңдерді еңсерді. Әлемді мойындатқан сылқым жеке өмірінде үнемі сәтсіздікке ұшырап, бақытсыз болған.

Актрисаның басынан түрлі отбасылық дау-дамайлар, секс-жанжалдар, зорлық-зомбылық, махаббат пен ажырасу да өтті. Алайда, мұндай сезімге толы махаббат хикаясы Памеланың өмірінде алғаш рет орын алып тұрса керек.

"Айналаның бәрі толған сұлу қыздар. Мен кез келгенін таңдай салсам болатын едің. Бірақ, мен 35 жыл бойы тек Памеланы қаладым. Ол мені есімнен таңдырды. Жақсы жағынан, әрине" , - деді белгілі кинопродюсер.

Белгілі болғандай, 52 жастағы Памела мен 74 жастағы Джон үйлену тойын 20 қаңтар күні жасырын түрде Малибуда өткізген. Қызығы, қос ғашық бір-бірімен 30 жылдан бері таныс болған. Алайда, олардың қарым-қатынасы тек қана соңғы айларда бастау алды. Ел назарын өздеріне аударғысы келмеген олар бұл жайтты құпия сақтауды жөн көрген.

Памела Андерсон өзінің тұрмысқа шыққанын әлеуметтік желіде өлеңмен жеткізген.

"Джон — Голливудтегі нағыз бұзық жігіттердің бірі. Мен оны өз отбасымды секілді өте қатты жақсы көремін. Оның өмірі мені қорқытатын. Енді мен көп нәрсені көріп, біраз дүниені ұқтым. Ол үнемі қасымда болған. Ешқашан көңілімді қалдырмайтын. Мен дайынмын, ол да дайын. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Сыйластығымыз ерекше. Біз бір-бірімізді ешбір шартсыз сүйеміз . Мен бақытты әйелмін. Жаратқанның өз жоспары бар" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Дэвид Бекхэмнің ұлы Бируклин ел алдына тырнағын бояп шыққан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel