2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Ұят емес пе": Түсіпбаева келінінің табысына ортақтасатын енелерге шүйлікті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнестегі танымал әйелдердің бірі Меруерт Түсіпбаева келіндерінің ақшасын өзіне алатын енелерге наразылығын білдірді. Әнші мұндай әрекеттің барып тұрған адам құқығының бұзылуы екенін айтты. Өнер иесі осыған ұқсас мәселелерге тап болған әйелдер желіде өзінен ақыл-кеңес сұрап, жүгініп тұратынын да жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Түсіпбаева келіндердің табысына ортақтасатын енелерге қатысты бар ойын жасырмай ортаға салды.

Ол біреудің тер төгіп тапқан ақшасына дәмеленудің өзін "ұят жағдай" деп есептейді.

"Келіні ақшаны енесіне беру керек? Неге? Мен ұқпаймын. Ол адамның құқығының бұзылуы ғой. Ұят емес пе? Ол немене қазақилық, мен ұқпаймын ондай енелерді" , - деді шоу-бизнес жұлдызы.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлына оңтүстік астанадан пәтер алып берген болатын. Өнер иесі баласы мен келінінің кейін бөлек тұратынын айтты.

Оған қоса, әнші Алматы маңында орын алған ұшақ апаты жайлы жазған өнердегі әріптестерін сынға алды. Ол апатты жағдайға ұшыраған рейске отыру керек болып, ұшпай қалғанын жарыса жазған көпшілікті сөгіп тастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ұят емес пе": Түсіпбаева келінінің табысына ортақтасатын енелерге шүйлікті