Выйти
RU

Жолаушылар ұшағы жанды: Ішін түтін басқан әуе кемесінің видеосы пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ryanair әуе компаниясының Бухаресттен Лондонға бағыт алған Boeing 737 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң түтінге толды деп хабрлайды KAZ.NUR.KZ obozrevatel.com басылымына сілтеме жасап.

ұшақ жанды

Фото: Видеодан кадр

Оқиға ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқан кезде болған. Жанып жатқан ұшақтың ішінде түсірілген видео "НТВ" арнасының Twitter желісінде пайда болды.

Төтенше жағдайдан кейін ұшақ ұшақ бірден ұшып кеткен әуежайға қайта орала алды. Бейнероликтен жолаушлырадың үрейленіп, жылап жатқан дауыстары естілді.

"Апат тек ғажайыптың күшімен болған жоқ", - делінген видео астында.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Bek Air әуе компаниясы қайғылы жағдайдан бірнеше күннен соң брифинг ұйымдастырып, өздерінің недіктен үнсіз қалғанын түсіндірді. Сондай-ақ, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

Сондай-ақ компания басшысы ұшақ үйге соғылмаған кезде бәрі аман болар еді деген пікірін де айтты.

Сонымен қатар, Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланды.

Кейінірек әуе кемесінің құлау сәтінен видео пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жолаушылар ұшағы жанды: Ішін түтін басқан әуе кемесінің видеосы пайда болды