Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, теңіз көбігі, жел: "Глория" дауылы Испанияның астаң-кестеңін шығарды (фото, видео)

Опубликовано:

Испанияда "Глория" дауылы болды. Қатты дауылдың салдарынан көшелерді су басып, әйгілі испан шипажайындағы ғимараттар мен ағаштар сынған. Одан бөлек бірнеше адам қаза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: twitter.com/liverbird17 / instagram.com/milenio / twitter.com/LaVanguardia
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: twitter.com/liverbird17 / instagram.com/milenio / twitter.com/LaVanguardia: Facebook

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде дауылдың салдарымен бөлісуде.

Қатты толқындар көшелерді суға толтырып, жағажайдағы ғимараттар қирап, ағаштар сынған.

Испаниялықтар мен туристер жариялаған кадрлардан көшелерде сынған жиһаздар мен қираған ғимараттың үйінділері шашылып жатқаны байқалады.

Сондай-ақ қолданушылар дауылдың қаттылығынан сынып кеткен қолшатырлардың да фотосуреттерін жүктеуде.

Тосса-де-Мар муниципалитетінің көшелері толығымен теңіз көбігімен су астында қалған. Куәгерлердің айтуынша, көрініс қорқынышты әрі таңдай қақтырарлық.

EuroNews хабарлауынша, өңірлерде желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жеткен. Ал толқындардың биіктігі 7 метрге дейін көтерілген. Одан бөлек, елдің кейбір жерлеріне циклонмен бірге мол қар жауған.

Бұл өңірдегі тұрғындар да жауын-шашынның салдарын фото-видеоға түсіріп бөлісуде.

Қолайсыз ауа райынан әуежай жұмысына да шектеу қойылған. Ондаған рейстер кейінге шегерілді. Дауылдың кесірінен Вленсия мен Гандия кемежайлары, сонда-ақ көптеген тас жолдар жабылған.

Europapress жазуынша, "Глория" дауылы кем дегенде бес адамның өмірін жалмаған.

Еске сала кетсек, нөсер жуын салдарынан Дубайды да су басқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837263-kar-teiz-kbigi-zel-gloria-dauyly-ispaniany-asta-kestein-sygardy-foto-video/

pixel