RU
Тоқаевтың кеңесшісі: Алдағы үкімет отырысы қызықты өтеді деп сенемін

Тоқаевтың кеңесшісі: Алдағы үкімет отырысы қызықты өтеді деп сенемін

Рассказать Вконтакте

Президент кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен өтетін Қазақстан үкіметінің алдағы отырысы жайлы еске салды. Құдайбергенов іс-шараның маңыздылығын атап өтті, себебі президент алғаш рет жылды қорытындылайтын болады. Оның сөзінше, сарапшылар отырыстың қалай өтетінін болжауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаевтың көмекшісі үкімет отырысы жайлы пікір білдірді

Фото: Inbusiness.kz

Президент кеңесшісі қазіргі уақытта барлық мемлекеттік басқару жүйесі, шенеуніктер мен министрлер үкіметтің кеңейтілген форматта алдағы отырысына дайындалып жатқанын атап өтті.

"Өз бағамды бермеймін. Отырыстың қалай өтетін көреміз. Алайда отырыс қызықты өтеді деп сенемін. Ол жерде айтылған идеялар жаңа экономикалық саясатқа және мемлекетті басқару жүйесінің қайта құрылуына жол ашады деп ойлаймын", - деді .

Құдайбергеновтың сөзінше, бюрократия салдарынан еліміз мемлекет пен оның басқаруындағы реформалар мен өзгерістерді орындау жылдамдығы бойынша Өзбекстаннан жеңіліп жатыр.

Кеңесші бюрократия секілді феноменнің Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарған кезде тапсырманың тек тек жиырма пайызға орындалуына әкеп соққанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Құдайбергенов бұған дейін отандық зейнетақы жүйесіне қатысты кері пікір білдірген. Көпшілік мұны Елбасына қатысты сын ретінде қабылдады.

Сонымен қатар, ол Назарбаевтың президентке болған жағдайларға өздігімен баға беруге шектеу қоймайтынын, ал Тоқаевтың жауапкершілігін жақсы түсінетінін және не істеу керек екенін білетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізетінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel