RU
"Қазақмыс" директорына жасалған шабуыл: Бас прокуратура пікір білдірді

"Қазақмыс" директорына жасалған шабуыл: Бас прокуратура пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

"Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұловқа шабуылдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Амангелді Мініғұлов. Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

Амангелді Мініғұлов. Фото: "Қазақмыс" корпорациясы

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бүгін "Қазақмыс" басшысы Мініғұловқа шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Қылмыстық іс қозғалды. "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеу жүргізілуде", - деді Ахметжанов.

Тергеудің құпия екендігіне сүйенген Ахметжанов басқа да деректерді айтудан бас тартты. Оның сөзінше, оқиғаға не себеп болғанын тергеу анықтау керек.

"Тергеу шараларының жүргізіліп жатқанын білесіз, тергеудің құпиясы бар. Тергеу аяқталмайынша мен ештеңе айта алмаймын. Тергеу органдарына жүгініңіздер. Олар сіздерге ақпарат беруі мүмкін.
Қандай мақсатпен, қандай себеппен жасалды - тергеу баға беретін болады. Тек осыдан соң ғана сіздерге ақпарат бере аламыз. Прокурор бақылауда ұстап отыр. Бәрі қаралатын болады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ Мініғұловқа шабуыл жасаушы "Кәсіп Қорған" кәсіподағының төрағасы оқиға орнында өз-өзіне қол салғандықтан, аталған дерек үшін кім жауап береді деген сұраққа, бас прокурордың орынбасары белгіленген тәжірибеге сәйкес, бұл жағдайда қылмыскердің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылатындығын айтты.

Еске сала кетсек, Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның қоластындағы қызметкері - бөлім басшыларының бірі Сабыржан Тембаев пышақ жарақатын алғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel