Выйти
RU

Алматыдағы ұшақ апаты: 300 адамнан жауап алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда 27 желтоқсан күні 12 адамның өмірін қиған ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тергеу жұмыстарының барысы жайлы еліміздің бас прокуроры орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді. Оның сөзінше, бүгінде 300 адамнан жауап алынған.

"Апатқа байланысты қылмыстық іс бар. Осы қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін барлық жайтты рет-ретімен жан-жақты зерттейтін тергеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде 300 адамнан жауап алынды", -деді ол.

Маманның сөзінше, қазір қайғылы апаттың мән-жайы қарастырылуда.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алкомпаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжамды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

10 қаңтар күні елордада қайғылы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Кездесу барысында әуе апатына не себеп болғаны жайлы алдын ала болжамдар айтылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы ұшақ апаты: 300 адамнан жауап алынды