RU
Бас прокуратура Бақауовтың тұтқындалуына қатысты жауап берді

Бас прокуратура Бақауовтың тұтқындалуына қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратура Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың қамауға алынғанына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/bbakauov

Фото: instagram.com/bbakauov

Ведомство басшысының орынбасары Марат Ахметжанов прокуратура органдарының Конституция мен елдің заңнамасына сәйкес әрекет етіп жатқандығын атап өтті. Прокурор сотта өзі шешімін жариялаған. Павлодар облысының бұрынғы әкімін екі айға қамау туралы шешім қабылданған.

Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл іс бақылауда.

"Толығырақ ақпаратты сіздерге тергеу органдары бере алады", - деді Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда желіде Павлодар облысының әкімін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жиналыс барысында тұтқынға алғаны туралы ақпарат тараған еді.

Бұл хабарламаға байланысты өңір басшысының баспасөз қызметі жауап берді.

Сондай-ақ, бүгін 16 қаңтарда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстанбек Қабыкенов те басшысына қатысты қауесетке пікір білдіріп, журналистерге ресми мәлімдеме жасады.

БАҚ бетінде Бақауовтың үстінен полицияға өңірдің жоғары лауазымды шенеунігі арыз түсіргені жайлы ақпарат та тараған еді.

16 қаңтарда еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін өңір әкімі болған Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеген еді.

Ал 17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция бергені белгілі болды.

Сондай-ақ, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Болат Боқауовты қызметінен босатқаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel