Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық келіншек шалбарын бүлдірген күйеуін сатып, басқасын алмақшы (фото)

Опубликовано:

Америкалық азаматша өзінің шалбарын құртып қойған күйеуін сатып жіберуді ұйғарыпты. Әйел адам мұндай хабарламаны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

аудармаларға жақын
Фото: Facebook: UGC

Белгілі болғандай ер адам әйелінің тоқылған шалбарын жуған. Алайда киім балаға арналған киімнің өлшеміне дейін кішірейіп қалған екен.

Желіде пайда болған суретте ер адам ұялып тұрғандай бетін қолымен жауып тұр. Ал сурет астына жұбайы күйеуін 111 долларға сататынын жазған.

Ол сатылымнан түскен жарты ақшаға басқа шалбар сатып алуды жоспарлапты. Австралиялық Spell Designs брендінің шалбарлары 199 доллар (75 231,87 теңге) тұрады. Алайда қазіргі таңда олардың барлығы сатылып кеткен.

Дегенмен ер адамды сатып алар адам табылмады. Десе де желі қолданушылары әйелді қолдайтындарын айтты.

"Күйеуім қымбат жібектен тігілген жейдені кептіргішке салған соң, оған менің киімдерімді жууға тыйым салынған", "Меніңше, күйеуіңді сату қиынға соғатын сияқты", - деп жазды олар.

Алайда оқырмандар арасында ер адамды қолдағандар да табылды.

"Не дегенмен ол саған көмектеспек болды ғой", - деп пікір білдірді олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұағн дейін 65 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар бір күнде қайтыс болғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837291-amerikalyk-jel-adam-kiimin-bldirgen-kjeuin-satpaksy-foto/

pixel