RU
Кірпік жапсырмақ болған 19 жастағы ару көз жанарынан айырылып қала жаздады

Кірпік жапсырмақ болған 19 жастағы ару көз жанарынан айырылып қала жаздады

Рассказать Вконтакте

19 жастағы британиялық бойжеткен сұлулық процедурасының құрбаны бола жаздаған. Айтуынша, жасанды кірпік жапсырған тәжірибесіз маман оны көз жанарынан айыруға шақ қалыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ yellmed.ru сайтына сілтеме жасап.

Кірпік жапсырмақ болған 19 жастағы ару көзінен айырылып қала жаздады

Көрнекі фото: pixabay.com

Лейни атты ару жасанды кірпік жапсыру үшін маманның көмегіне жүгінеді. Ол өз кезегінде процедураны бастамас бұрын бойжеткеннің терісіне желім жағып, аллергияның бар-жоғын анықтамақ болыпты.

Лейни терісінің қыза бастағанын айтқан, ал маман желімді басқасына ауыстыратынын сөз еткен.

Алайда сұлулық процедурасы жасалып жатқан сәтте бойжеткен өзін жайсыз сезініп, жұмысты тоқтатуды сұраған.

Салон басшылығы жапсырылған Лейниге кірпіктерді алып тастауды ұсынды, алайда бойжеткен процедураны келесі күнге қалдырады.

Лейни үйге келген кезде ғана кірпіктердің қабағының ішкі жағына жапсырылғанын көрген. Сондай-ақ, желім шырышты қабыққа тиіп кеткен.

Сондай-қа, жұмысын енді ғана бастап келе жатқан тәжірибесі аз маман кірпікті өсу сызығынан төмен жапсырып қойған екен. Нәтижесінде жасанды кірпіктер көзді тырнай бастапты.

Көзінің ауырғанына шыдамаған ару бірден ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер бойжеткеннің көзін жуып, көз алмаларына зақым келгенін анықтаған. Олардың сөзінше, Лейни жанарынан айырылып қала жаздаған.

Амалы таусылған бойжеткен келесі күнді күтпей, үйге келе сала кірпікті өз күшімен алып тастайды. Түрлі қабынулар мен ісінулердің кесірінен британиялық ару бірнеше күн жұмысқа да бармаған.

Бұндай жағдайға тап болатынын ойламаған Лейни өзі секілді аруларға арзан мамандардың қақпанына түсіп қалмай, тәжірибелі, тексерілген мамандарға жүгінуге кеңес беріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қасын жұлу үшін арнайы маманға жүгінуден шаршаған 18 жастағы бойжеткен адам танымастай өзгергенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel