Выйти
RU

БАҚ: Ресейде қазақстандық подполковникті өлтіріп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ІІМ өртке қарсы қызметінің 62 жастағы подполковнигі Санк-Петербургте жасалаған шабуылдан қаза тапты. Мұндай жаңалықты ресейлік басылымдар жариялауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Фонтанка" порталының ақпаратынша, қайтыс болған қазақстандық офицердің аты Вячеслав Джексенов.

Басылымның жазуынша, ер адамға кеше, 21 қаңтарда шабуыл жасалған. Болжам бойынша, белгісіз біреулер оған арқа тұсынан бірнеше соққы жасаған.

Джексеновты шұғыл ауруханаға жеткізген. Порталдың дерегінше, дәрігерлер зардап шегушіден бас жарақатын анықтаған. Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болған.

Ресейлік дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасаған. Алайда қазақстандық подполковникті аман алып қалу мүмкін болмаған. Джексенов ауруханаға жеткізілген соң бір сағаттан кейін көз жұмған.

Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ. Хабарламада қылмыс болған жерден темекі тұқылдары табылғаны айтылған. Тәртіп сақшылары оларды дәлел ретінде алған. Алайда шабуыл болған жерде ешқандай бейнебақылау камералары болмаған.

"Журналистские расследования" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып, басылым Джексеновтың Қазақстанның ІІМ ТЖК-де жұмыс істегенін хабарлаған. Соңғы жылдары ол зейнеткерлік демалыста болыпты.

Ер адам 6 жыл бұрын Ресейдің солтүстік астанасына көшіп, сонда кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысқан.

Еске сала кетсек, Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның қоластындағы қызметкері - бөлім басшыларының бірі Сабыржан Тембаев пышақ жарақатын алғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Ресейде қазақстандық подполковникті өлтіріп кетті